«Digital Agroleaders 2026»

27.01.2026 ж. физика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер», «SMART-жүйелерді жобалау», «Информатика», «Математика–Информатика» білім беру бағдарламаларының студенттері «Digital Agroleaders 2026» студенттік байқауының алғашқы кезеңі — «Мансап күндері» шарасына қатысты.

Байқау 2–4 курс студенттері арасында агрономия, ақпараттық технологиялар, аграрлық техника және технологиялар, мехатроника және басқа да сабақтас білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

Мансап күндері — сервистік орталықтар мен жоғары оқу орындарында студенттермен кездесулер, қатысушыларды тіркеу, компаниямен және оның мүмкіндіктерімен танысу;

Мастер-класстар — Eurasia Group Kazakhstan компаниясының жетекші мамандары өткізетін агросектордағы заманауи технологиялар мен практикалық шешімдерге арналған онлайн-семинарлар;

Қашықтан олимпиада — негізгі бағыттар бойынша онлайн-олимпиада: агрономия, IT және инженерия;

Финал — Көкшетау қаласындағы сервистік орталықта өтетін негізгі бетпе-бет кезең, мұнда үздік қатысушылар өз шешімдерін ұсынып, жеңіс үшін бақ сынайды.

AI Assistant