Семинар

2026 жылғы 2 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2-курс студенттеріне арналған «Мұғалімнің практикалық қызметі» тақырыбында семинар өткізілді. Аталған шара «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен жұмыс берушілердің қатысуымен өтті.

Семинар барысында Жетісу облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесіне қарасты Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-шебер, педагогика ғылымдарының магистрі Саржигитов Ерик Тортаевич «ҚМЖ негізінде жасанды интеллект құралдарын кіріктірудің педагогикалық мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік-сынып өткізді. Шақырылған қонақ білім алушыларды білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелермен таныстырып, оқу үдерісінде жасанды интеллектіні тиімді қолдану жолдарына тоқталды.

AI Assistant