26.01.–28.01.2026 аралығында физика-математика кафедрасының оқытушылары кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы аясында Талдықорған қаласындағы №4, №10, №20, №26 және Innoverse Taldyqorgan мектептеріне барды. Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, физика-математика факультетінде оқытылатын мамандықтар, оқу үдерісінің ерекшеліктері, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен мамандық таңдаудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді. Кәсіби бағдар беру жұмысы болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына оң әсерін тигізді.




