Біздің қыз — Чемпион

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында Ұлттық Студенттік Лигасының іріктеу жарысы өтті. Аталған жарыс барысында үстел тенисі спорт түрінен қыздар арасында тартысты бәсеке ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде Гуманитарлық факультетінің Журналистика кафедрасына қарасты Қоғаммен байланыс мамандығының 1-курс студенті Ерланқызы Мадина қарсыластарынан оқ бойы озып, чемпион атанды. Ол ойын барысында жоғары дайындық деңгейін, шапшаңдық пен табандылықты көрсете білді.

Мадинаның бұл жетістігі – университет студенттері арасында спортқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын дәлелдейді. Сондай-ақ, оның жеңісі жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен белсенді айналысуға ынталандырады. Чемпион атанған Ерланқызы Мадинаны жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы өміріне табыс пен жеңіс, биік белестер мен толағай жетістіктер тілейміз. Ол алдағы уақытта да университет намысын абыроймен қорғап, жаңа спорттық жетістіктерге жете береді деп сенеміз.

AI Assistant