«Қазіргі білім беру кеңістігі: кәсіби қызмет салаларына қойылатын жаңа талаптар мен құзыреттер» атты дөңгелек үстел

29.01.2026 ж. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Педагогика және психология факультетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру кеңістігі: кәсіби қызмет салаларына қойылатын жаңа талаптар мен құзыреттер» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараның мақсаты – қазіргі білім беру кеңістігіндегі өзгерістерді талқылау, еңбек нарығы мен кәсіби қызмет салаларына қойылатын жаңа талаптарды айқындау және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты күшейту.

Шараға Педагогика және психология факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Е.С. Хаймулданов, Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Б.Ж. Альмухамбетова, Оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) А.Б. Абуханова,
филология ғылымдарының кандидаты, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің бас менеджері Р.О. Асылова,
сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысатын профессор-оқытушылар құрамы мен жұмыс берушілер қатысты.

Шара барысында өзекті мәселелер талқыланып, білім беру саласын дамытуға бағытталған нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта мұндай ынтымақтастық жалғасын табады деп күтілуде. Кездесу білім беру мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етті.

AI Assistant