Физика-математика факультетінде 9.02.2026 күні Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері Набира Сагидуллаевна практика алдындағы «Практикаға бағыт-бағдар беру» конференциясын ИҚ211,МИқ211,ИР211 студенттеріне өткізді. Конференция барысында практиканың мақсаты мен міндеттері, оны тиімді ұйымдастыру жолдары, практика кезінде сақталуы тиіс талаптар мен күтілетін нәтижелер туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастырудағы практиканың маңызы атап өтілді. Конференция соңында әр студентке мектепке арналған жолдамалар берілді.



