














2026 жылғы 6 ақпанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Арнайы білім беру жүйесіндегі диагностика және түзету: сабақтастық пен жаңа тәсілдер» тақырыбында семинар өтті. Оған педагогика және психология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, арнайы педагогтер, логопедтер мен психологтер қатысты.
Семинардың мақсаты — мамандардың диагностикалық және консультативтік біліктілігін арттыру, дәстүрлі және заманауи әдістерді меңгерту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қатысушылар диагностика мен түзету жұмыстарының сабақтастығын, заманауи әдістер мен технологияларды талқылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар арнайы білім берудің тек кәсіби сала емес, үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін миссия екенін атап өтті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

