Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері Н.Ермекова, 9-шы ақпан 2026 жылы, 2 курс білімгерлері, ИҚ211(IP), ИР211(IP), МИҚ211 топтарымен «2026 жылы ҚР Президенті және Конституциялық комиссия ұсынған жаңа Конституция» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жаңа Конституцияның маңызын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Тәрбие сағаты барысында жаңа Конституциядағы негізгі өзгерістерге, соның ішінде Ұлттық құрылтайдың конституциялық мәртебесінің жаңартылуына ерекше назар аударылды. Ұлттық құрылтайдың қоғам мен мемлекет арасындағы диалог алаңы ретіндегі рөлі, азаматтық бастамаларды қолдау және қоғамдық пікірді ескеру тетіктері түсіндірілді.Іс-шара соңында студенттер Конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, өз пікірлерін білдірді.




