І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Спортклубы ұйымдастыруымен өткен «Спартакиада – 2026» спорттық жарысына Жаратылыстану-техникалық факультетінің оқытушылары мен білім алушылары белсене қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Факультет командасы түрлі спорт түрлерінде өздерінің ұйымшылдығы мен шеберлігін дәлелдей білді.
Командалық ойындар бойынша ерлер арасында мини-футболдан – І орын, волейболдан – І орын иеленіп, айқын басымдық танытты. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасында өткен тоғызқұмалақ жарысында – ІІІ орын, үстел теннисінен – ІІІ орын, эстафеталық сайыстан – ІІІ орынға қол жеткізді.
Жекелей спорт түрлерінен де факультет өкілдері жақсы нәтижелер көрсетті. Атап айтқанда, шахматтан Жаратылыстану пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Имангазинова Ж.С. – ІІІ орынды иеленсе, жүзуден Жаратылыстану пәндер кафедрасының меңгерушісі Мукашева Д.М. – ІІ орынға ие болды.
Аталған жарыс Жаратылыстану-техникалық факультетінің спортқа деген белсенділігін, салауатты өмір салтын насихаттаудағы үлесін және командалық рухының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

