І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы академиялық бағдарламасы бойынша 2026 жылғы 02.02.2026-30.03.2026 аралығында Ташкент мемлекеттік заң университетінен заң ғылымдарының докторы, профессор Narzullaev Olim Khlomamatovich (Нарзуллаев Олим Холмаматович) келді. Ол құқықтану білім беру бағдараламасының 3 курс студенттеріне «Жер құқығы» пәні бойынша сабақ береді.
Сабақ барысында профессор Olim Narzullaev Қазақстан мен Өзебекстан еліндегі жер заңнамасындағы ерекшеліктері, сондай-ақ жерді пайдалану, жер учаскелеріне қатысты құқықтарды қорғау тетігі туралы айтты. Olim Narzullaev Ташкент мемлекеттік заң университетінің экологиялық құқық кафедрасының профессоры, жер құқығы, экологиялық құқық, табиғи ресурстар саласының маманы.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік оқытушы-ғалым студенттерге жер заңнамасы бойынша білімдерін жетілдіруге, халықаралық тәжірибе алмасуға, кәсіби дағдыларын кеңейтуге, отандық және шетедік заңнамаларды оқу тәжірибесінде қолдануға мүмкіндік жасайды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

