Өндірістік тәжірибе

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері университет тарапынан берілген жолдамаға сәйкес өндірістік тәжірибеден өтуде.

Касьянов Андрей Алексеевич пен Фёдоров Артём Васильевич «SkyTec» компаниясында тәжірибеден өтіп, ақпараттық технологиялар және жүйелік әкімшілендіру саласында практикалық дағдыларын жетілдіруде.

Ал Нұрқасымов Бекзат пен Жұмаш Мирас «KainarMedia» компаниясында өндірістік тәжірибеден өтіп, цифрлық технологиялар мен IT-жобалар бағытында кәсіби құзыреттерін дамытуда.

Өндірістік тәжірибе студенттердің теориялық білімін бекітуге және нақты өндірістік ортада кәсіби дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

AI Assistant