«Заң мен тәртіп» аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Жаратылыстану-техникалық факультетінің білімгерлері, Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қимылына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Абдушева Мадина Габдоллаевна және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің комплеанс-офицері Кабыкенов Болат Жаксылыковичтің қатысуымен «Қоғамдық кеңістіктегі заң мен тәртіп: психикалық саулықты қорғау, есірткіге қарсы саясат және сыбайлас жемқорлықпен күрес» іс-шарасы өткізілді. Іс шара мақсаты: білімгерлер арасында қоғамдық кеңістіктегі заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, психикалық саулықты сақтау және нығайту жолдары туралы ақпарат беру, есірткіге қарсы саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті арттыру.

