«Географиялық зерттеулерде жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін салыстырмалы ресурстық талдау әдістерімен интеграциялау»

Жаратылыстану-техникалық факультетінде кезекті ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында PhD Керімбай Б.С. «Географиялық зерттеулерде жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерін салыстырмалы ресурстық талдау әдістерімен интеграциялау» тақырыбында мазмұнды ғылыми баяндама ұсынды. Баяндамада географиялық зерттеулерде қолданылатын деректерді өңдеу мен талдаудың заманауи тәсілдері, жасанды интеллект технологияларының функционалдық мүмкіндіктері, сондай-ақ оларды салыстырмалы ресурстық талдау әдістерімен біріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдарын геоақпараттық зерттеулерге енгізудің тиімділігі, деректердің дәлдігін арттырудағы рөлі және практикалық қолдану перспективалары талданды. Семинар қорытындысында қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, ұсынылған тақырып аясында мазмұнды пікір алмасу мен кәсіби талқылау жүргізілді.

AI Assistant