Инфрақұрылымды дамыту департаменті
Департамент қызметінің мақсаты білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерді, инновациялық қызметті сапалы іске асыруды қамтамасыз ететін университеттің заманауи, қауіпсіз, тұрақты және тиімді инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ білім алушылар мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
-
ЕрежелерЕрежелер
-
МіндеттеріМіндеттері
-
ҚұқықтарыҚұқықтары
-
ҚызметтеріҚызметтері
-
ЖауапкершілікЖауапкершілік
-
ҚызметкерлеріҚызметкерлері
Жалпы ережелер
- Инфрақұрылымды дамыту департаменті (бұдан әрі — Департамент) жоғары оқу орнының (бұдан әрі-Университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Департамент университет инфрақұрылымының дамуын, жаңғыртылуын және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған
- Департамент Басқарма мүшесіне - университеттің Қаржы және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректорына бағынады
Міндеттері
- Университет инфрақұрылымын дамытуды стратегиялық және перспективалық жоспарлау;
- Университеттің мүліктік кешенін дұрыс күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
- Оқу, ғылыми, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту;
- Университет объектілерінің ҚР мемлекеттік стандарттары мен нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Қауіпсіз оқу және еңбек жағдайларын жасау;
- Университеттің мемлекеттік және (немесе) өз мүлкін ұтымды және тиімді пайдалану
Құқықтары
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінен өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
- Университет басшылығына инфрақұрылымды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу;
- Техникалық тапсырмаларды, шарттарды және жобалық құжаттаманы дайындауға қатысу;
- Жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыру;
- Өз құзыреті шегінде университеттің мүдделерін білдіру.
Қызметтері
- Инфрақұрылымды жоспарлау және дамыту
- Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
- Оқу және ғылыми инфрақұрылымды дамыту
- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және нормаларды сақтау
- Өзара әрекеттесу және үйлестіру
Жауапкершілік
- Жүктелген міндеттер мен функцияларды тиісінше орындамау;
- Қазақстан Республикасы заңнамасының және университеттің жергілікті актілерінің талаптарын бұзу;
- Материалдық және қаржылық ресурстарды тиімсіз пайдалану;
- Еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтамау.
Қызметті ұйымдастыру
- Департамент қызметкерлерінің құрылымын, штат санын және лауазымдық міндеттерін университет ректоры бекітеді
- Департамент өз қызметін жылдық және перспективалық жоспарлар негізінде жүзеге асырады
- Департамент қызметіне басшылықты департамент директоры жүзеге асырады
