Болашақ мұғалімдер тәжірибесі: мектептегі практиканың қорытынды есебі

2026 жылдың 16 ақпанында 6В01602 – «Тарих және қоғамтану» (IP) мамандығының ТҚҚ 111 топ білім алушылары үшін «Мұғалімнің кәсібіне кіріспе» атты педагогикалық практиканың қорытынды есеп конференциясы ұйымдастырылды. Есеп  барысында студенттер өздерінің мектептегі тәжірибелік кезеңін аяқтап, нәтижелерін талқылап, кәсіби-педагогикалық және танымдық тұрғыдан қорытынды жасады. Конференцияда білімгерлер жинаған тәжірибелерін баяндап, педагогикалық қызметке алғашқы қадамдарын саралады.

AI Assistant