Жас түлектердің кәсіби дамуын қолдауды жаңарту (апгрейд) бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін бітірген түлектерді қолдау мақсатында инновациялықіс-шаралар ұйымдастырылды. «Журналистика» мамандығының түлегі Жетісу облыстық «Жетісу Медиа» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Jetisy» веб-сайт тілшісі Әділхан Мақпал «Журналистикада жасанды интеллектіні қолдану тәсілдері» тақырыбында ашық семинар өткізді.
Семинарда Әділхан Мақпал жасанды интеллектіні пайдаланудағы ерекшеліктерді және этиканы сақтаудағы қағидаларымен бөлісті. Жас маман журналистикада өзі қолданып жүрген жасанды интеллекті тәсілдерін, ЖИ-ді қолданудағы авторлық құқық пен заңдылықтың практикалық тұрғыда ерекше екенін жеткізді. Жасанды интеллектіні қолдану барысында адам факторының сақталуын және тиімді тәсілдерді ұтымды пайдалану керектігін айтты.

