2026 жылдың 17 ақпанында физика және математика кафедрасының оқытушы-дәріскері Гаврилова Е.Н. «6В01511-Математика» білім беру бағдарламасының бірінші курс студенттерімен «Болашақты бірге құру: конституциялық реформалар бойынша ашық диалог» тақырыбында кураторлық сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты студенттердің құқықтық және саяси сауаттылығын арттыру және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген негізгі түзетулердің мазмұнын талқылау болды.



