АШЫҚ САБАҚ

17.02.2026 ж. физика және математика кафедрасының оқытушы-дәріскері Куатбаева Д.Е. ФҚ(IP)-211, ФП(IP)-211 топтарында «Газ заңдарын зерттеу: Бойль–Мариотт және Шарль заңдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында проблемалық оқыту технологиясы тиімді қолданылып, студенттерге проблемалық жағдаяттар ұсынылды, тәжірибелік тапсырмалар арқылы заңдылықтарды өз бетімен анықтауға бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар STEM әдісі негізінде теория мен тәжірибе ұштастырылып, пәнаралық байланыс жүзеге асырылды. Студенттер газ заңдарының физикалық мағынасын түсініп қана қоймай, математикалық өрнектерін талдап, есептер шығару арқылы білімдерін бекітті.

Сабақта қызықты әрі көрнекі эксперименттер көрсетіліп, газ қысымының көлемге және температураға тәуелділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, ғылыми ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.

Ашық сабаққа физика және математика кафедрасының PhD, оқытушы-дәріскері Абдулаева А.Б., сондай-ақ PhD, оқытушы-дәріскері Гаврилова Е.Н. қатысып, өз пікірлерін білдірді. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, оқу мақсаттарына толықтай қол жеткізілді. Студенттер белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындады.

AI Assistant