2026 жылдың 19 ақпанында №25 орта мектепте 6В01601 «Тарих» білім беру бағдарламасының ТҚ-311 және ТҚ-411 топтарының студенттері Жансерік Эльвира, Тілеуберді Аружан, Жарболат Мақпал, Ақыт Нұрмұхамет және Аманкелді Темірлан педагогикалық практика аясында 10 «Г» және 10 «Ә» сынып оқушылары үшін тәрбие сағатын ұйымдастырды. Іс-шара қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдық мерейтойына арналды.
Тәрбие сағаты зияткерлік сайыс форматында өтті, онда оқушылар екі командаға бөлінді. Қатысушылар тарихи материалдармен жұмыс жасап, деректерді талдады және пікір алмасу арқылы қорытынды жасауға бағытталған шығармашылық тапсырмаларды орындады. Мұндай формат оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Сабақ барысында студент-практиканттар оқу үдерісін тиімді жоспарлап, уақытты ұтымды пайдаланды. Олар оқушылармен еркін қарым-қатынас орнатып, жүйелі кері байланыс арқылы сабақтың тақырыбын мазмұнды әрі терең ашып көрсете алды.
Тәрбие сағатына педагогикалық практиканың жетекшісі Гүлжан Болегенқызы мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Назым Бизолдаевна қатысып, өткізілген іс-шараның жоғары әдістемелік деңгейін атап өтті. Сондай-ақ олар сабақ мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасының талаптарына толық сәйкес келетінін және оның тәрбиелік мәні зор екенін ерекше айтты.




