














2025 жылдың 20 ақпанында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында Қазақ күресінен Басқарма Төрағасы – Ректор Кубогы жарысы өтті. Дәстүрлі спорттық додаға барлығы 36 студент қатысып, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 90 кг және 90+ кг салмақ дәрежелері бойынша өзара сынға түсті.
Жарыстың бас төрешісі Спортклуб жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері Айдос Беделбаев болды.
Жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық шеберлігін арттыру сондай-ақ факультеттер арасындағы достық әрі спорттық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа университеттің барлық факультеттерінен және Жансүгіров колледжінен жалпы саны 6 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Құқық және экономика факультеті, ІІ орынды Физика-математика факультеті, ІІІ орынды Жаратылыстану-техникалық факультеті иеленді.
Жеңімпаздар Басқарма Төрағасы – Ректор Кубогымен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ










