BR24993269
Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы



























«Өзгермелі парадигмалар тұсындағы құндылықтар: ХХІ ғасырдағы тұлға, қоғам және өркениет бағдары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен «Өзгермелі парадигмалар тұсындағы құндылықтар: ХХІ ғасырдағы тұлға, қоғам және өркениет бағдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына қазақстандық және шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, Жетісу облысы әкімінің орынбасары М.Көлбаев, облыстық мәслихат төрайымы Г.Тойлыбаева қатысты.
Пленарлық мәжілісті Басқарма төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев жүргізіп, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің арнайы жолдаған алғы сөзімен ашты.
Конференция мақсаты: Қазіргі жаһандану, технологиялық серпіліс және қоғамдық құндылықтардың үдемелі трансформациясы жағдайында тұлға, қоғам және өркениеттің дамуына ықпал ететін жаңа бағыттарды айқындау.
Пленарлық мәжілісте ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Иммануил Кант атындағы Балтық федералды университеті, (Ресей), Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті, Раззакова атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің ғалымдары баяндама оқыды.
Пленарлық мәжіліс соңында А.Кулсариева мен Е.Бөрібаевтың редакторлығымен жарық көрген «Парадигмы ценностных установок и ценностного сознания в казахстанском обществе: тренды, динамика, переспективы» ұжымдық монографияның тұсаукесері өтті.
Конференцияның секциялық мәжілісі «Құндылықтарды зерттеудің философиялық негіздері мен әдіснамасы», «Цифрландыру мен жасанды интеллект (ЖИ) жағдайындағы тұлға құндылықтары сынақ әрі мүмкіндік ретінде», «Қоғам және құндылықтар: дәстүр және жаңғыру», «Мәдениетаралық коммуникация және өркениеттер диалогы», «Әдебиет пен өнер құндылықтарды сақтаушы ретінде», «ХХІ ғасырдың құндылық бағдары аясындағы білім мен тәрбие» бағыттары бойынша өтті.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ғалымдар үшін ХХІ ғасырда адамның тұлғалық дамуы, қоғамдық институттардың тұрақтылығы және өркениеттік прогрестің үйлесімді траекторияларын талқылау, сондай-ақ гуманитарлық, әлеуметтік, мәдени және философиялық салалардағы ғылыми пікір алмасу алаңы болды.






Тәуелсіз және құндылықтар: Қазақстандық қоғамның рухани трансформациясы
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Аксиологиялық зерттеулер және медиатехнологиялар орталығы базасында жүзеге асырылып жатқан
«BR24993269 – Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы» ғылыми бағдарламасы аясында маңызды сұхбат ұйымдастырылды.
Аталған бағдарлама шеңберінде журналист, ақын, Қазақстанның Құрметті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрінмен мазмұнды сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық қоғамның рухани-мәдени құндылықтары, қоғамдық санадағы өзгерістер, әдебиет пен публицистиканың қазіргі кезеңдегі рөлі, ұлттық болмыс пен азаматтық ұстаным мәселелері кеңінен сөз болды.
Сұхбатты бағдарламаның аға ғылыми қызметкері, докторант Әбдіманап Шыңғыс жүргізді. Кездесу ғылыми жоба мақсатына сай қоғамдағы құндылықтық трансформация үдерістерін тереңірек түсіндіруге, интеллектуалдық пікір алмасуға және гуманитарлық зерттеулердің мазмұнын байытуға бағытталды.
Алынған сұхбат материалдары аталған ғылыми бағдарлама аясындағы зерттеу жұмыстарына, аналитикалық жарияланымдар мен ғылыми-танымдық өнімдер әзірлеуге пайдаланылатын болады.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті отандық ғылым мен қоғамдық ойды дамытуға бағытталған осындай мазмұнды бастамаларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра бермек.
«Бірлік» құндылығының қазақ тіліндегі көрінісі.
Талдықорған, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті: Аксиологиялық зерттеулер және медиатехнологиялар орталығы, 2025ж.
Материал BR24993269 «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы» бағдарламасы аясында әзірленді. Роликте қазақ тіліндегі «Бірлік» құндылығын сипаттайтын бірнеше мақал-мәтел, тұрақты тіркестерге түсінік берілді.
Қатысқандар: Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)Джакыпбекова Мәмиля Тұрғамбайқызы, философия докторы (PhD) Шүкенай Гүлім Төлеуқызы.
Қазақ тілі – тәуелсіздік пен құндылықтар тірегі.
Талдықорған, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті: Аксиологиялық зерттеулер және медиатехнологиялар орталығы, 2025ж.
Материал «BR24993269 – Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы» бағдарламасы аясында әзірленді. Ролик ұлттық бірегейлікті айқындайтын негізгі тілдік құндылықтардың тәуелсіздік идеяларымен сабақтастығын, қазақ тілінің рухани-мәдени кодты сақтаудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы стратегиялық маңызын көрсетуге бағытталған.
Қатысқан: Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Есимбекова Динара Болатовна.
Тарих – ұлттық жад пен құндылықтар тұтастығы.
Талдықорған, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті: Аксиологиялық зерттеулер және медиатехнологиялар орталығы, 2025ж.
Материал «BR24993269 – Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы» бағдарламасы аясында әзірленді. Ролик халықтың тарихи санасы мен мәдени жадын сақтаудың маңызын айқындайды, тарихты ұлттық құндылықтар жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырып, қоғамның рухани дамуы мен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудегі стратегиялық рөлін көрсетеді.
Қатысқан: Гуманитарлық факультеттің оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Абдрахим Мирас Еркінұлы
