Практиканың қорытынды конференциясы

23 ақпан күні 6В02302 – «Филология» білім беру бағдарламасы оқу практикасы (1 курс) және өндірістік практика (3 курс) бойынша қорытынды конференция өткізілді.

Конференция барысында студенттер оқу және өндірістік практикасы кезеңінде жоспар бойынша атқарған жұмыстарының нәтижелерін таныстырды.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы тарапынан студенттердің құжаттары тексерілді, әрі білім алушылардың кәсіби даярлық деңгейіне, теориялық білімінің практикада қолданылуына талдау жасалды. Комиссия мүшелері мен жетекшілері практикант-студенттердің мекемеден алған бағаларын назарға ала отырып, қорытынды балдарын қойды. Сонымен қатар практика барысында туындаған мәселелерді шешу жолдары қарастырылып, практика филиалдары мен білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.

AI Assistant