Введите текст заголовка
25 ақпан күні қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің педагогикалық практика бойынша қорытынды конференциясы өтті. Болашақ педагогтер атқарған іс-шаралары туралы есеп беру барысында кәсіби шыңдалғандығын атап айтты. Өткізген ашық сабақтары мен тәрбие сағаттарының үзінділерін көрсетіп, ой бөлісіп, комиссия мүшелерімен пікір алмасты. Практиканттар өз мақсаттарына жете алды.

