«Математика» БББ бойынша 1 курстың практика туралы есеп

2026 жылғы 20 ақпанда 6В01511(IP) – «Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Мұғалім мамандығына кіріспе» педагогикалық практикасын қорытындылау конференциясы өтті.

Іс-шараға физика және математика кафедрасының меңгерушісі С.С. Сләмжанова, кафедра оқытушылары Д.Б. Тойбазаров және Е.Н. Гаврилова қатысты.

Конференция барысында студенттердің Талдықорған қаласының мектептерінде өткен практикасы туралы есептері тыңдалды. Білім алушылар өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынып, алған кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, олар педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастырудағы және болашақ мұғалім мамандығының ерекшеліктерін ұғынудағы практиканың маңыздылығын атап өтті.

AI Assistant