2026 жылғы 4 наурыз күні сағат 15:15-те Бас ғимараттың 408A аудиториясында ғылыми семинар өтеді. Семинар спикері – Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Абдрахим Мирас Еркінұлы.
Баяндаманың тақырыбы: «ХІХ–ХХ ғғ. тоғысындағы Жетісу облысындағы қазақ аудармашылары: отарлық билік тұсындағы қоғамдық қызметі».
Қызығушылық танытқан профессорлық-оқытушылық құрамды, магистранттар мен докторанттарды қатысуға шақырамыз.

