2026 жылы 03 наурыз күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ашық дәріс өткізілді. Шара екі мәрте Социалистік еңбек ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына 120 жыл толуына орай «Еңбектің дара тұлғасы» атты тақырыпта өтті.
Ашық сабақтың спикерлері ретінде Нұрмолда Алдабергеновтың мемориалды музейінің меңгерушісі Шаймуханбетова Гүлшат Ерболғанқызы және экскурсия жетекшісі Ахатаева Жанар Өсімқұлқызы сөз сөйлеп, Нұрмолда Алдабергеновтың өмірі мен еңбегіне қатысты қызықты деректермен бөлісті. Олар тыңдаушыларға Алдабергеновтың қоғамдағы еңбегі мен атқарған маңызды рөлі туралы егжей-тегжейлі айтып, оның жетістіктерін насихаттау мақсатында жүргізілген зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. Спикерлер оның еңбек жолы мен жетістіктері тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге әлемдік деңгейде де танылғанын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, ашық дәрісте Алдабергеновтың еңбекқорлығы мен адамның тұлғалық дамуына тигізген әсері талқыланды. Шара барысында студенттер мен оқытушылар арасында көптеген сұрақтар қойылып, Нұрмолда Алдабергеновтың өмір жолын зерттеу және оны ұрпаққа таныту қажеттілігі туралы пікірлер айтылды.




