Білімгерлер тәжірибелі маманнан дәріс алды.

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде студенттердің терең білім алып, тәжірибе алмасуы бірнеше жылға жалғасып, өз нәтижесін беріп келеді. Ішкі академиялық ұтқырлық аясында аталған оқу ордасының Журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мысаева Карлыга Накысбековна 05.02.2026-27.02.2026 жыл аралығында 6В03202 «Қоғаммен байланыс» мамандығының 2-курс білімгерлеріне «Кәсіби қызметтегі сандық мәдениет» пәнінен онлайн дәріс өтті. Акамедиялық ұтқырлық бағдарламасының басты мақсаты – білімгерлердің білікті мамандардан қажетті білім алуларына жағдай жасау. Білімгерлер тәжірибелі ғалымдардың тәлім-тәжірибесінен дәріс ала отырып, ғылым-білімнің сансыз сұрақтарына жауап алып, іскерлік байланысты дамытуға мүмкіндік алды. Дәрістің практикалық сұрақтары бойынша берілген тапсырмаларды телестудияда топтық негізде жасап, қорғауға мүмкіндік алды.

AI Assistant