04.03.26ж. күні Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 6B01505 – Информатика, 3-курс ИҚ311, ИР311 топтары білімгерлерінің педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы өткізілді. Практика оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, білімгерлердің теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуіне, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды. Практика барысында болашақ мұғалімдер педагогикалық ортада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтап, мамандық бойынша алған білімдерін қолдану мүмкіндігіне ие болды. Практика нәтижелерін талқылауға педагогикалық практика жөніндегі комиссия мүшелері Ж. Жиембаев, Н. Ермекова, К. Забиева, Айым Есейқызы және Қ.Шетиева қатысты. Білімгерлер практика қорытындысы бойынша есеп ұсынды. Комиссия мүшелері білімгерлердің практика жұмысын жоғары бағалады.




