«Заң мен тәртіп» – Конституция үстемдігінің негізі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын дәріптеу мақсатында «Заң мен тәртіп» – Конституция үстемдігінің негізі» атты кездесу өтті.

Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Талдықорған қаласындағы құқық қорғау органдарының басшылары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты.

Кездесуді университет ректоры Ермек Бөрібаев жүргізіп, заң мен тәртіп идеологиясы қоғамның тұрақты дамуының негізгі кепілі екенін атап өтті. Ол Конституция – мемлекетіміздің басты құжаты екенін айтып, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдағы тәртіп пен әділдіктің негіздері айқындалғанын жеткізді. Ректор мұндай кездесулердің жастардың құқықтық сауатын арттырып, ел болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал ететінін атап өтті.

Жиында Талдықорған қаласының прокуроры М. Сматов, Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары А. Бельгибаева сөз сөйлеп, заң үстемдігі қоғамның барлық саласы үшін маңызды екенін айтты.

Құқық және экономика факультетінің деканы Ғ.Телеуев жаңа Конституцияның преамбуласына тоқталса, жас ғалым А. Алтайұлы Алаш заңындағы «Заң мен тәртіп» қағидасының Жаңа Конституция жобасымен сабақтастығының құқықтық, саяси және құндылық негіздерін талдады.

Кездесуге арнайы келген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан студенттермен пікір алмасып, жаңа Конституцияның жастар болашағы үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant