



9–27 ақпан аралығында Алматы Технологиялық университетінің философия докторы (PhD) Салтанат Адилжанова «Smart жүйелерінің қауіпсіздігі» пәні бойынша 6В06104 – Smart жүйелерді жобалау ББ бакалавр студенттеріне дәріс оқып, зертханалық жұмыстар жүргізді.
Дәріс ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Дәріс барысында Smart жүйелердің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері мен оларды қорғаудың заманауи әдістері талқыланды. Негізгі тақырыптар қатарында интерактивті SMART-технологиясының дидактикалық мәні мен оқу үрдісінде қолдану тәжірибесі, оқу процесінде смарт-технологияларды қолданудың мүмкін проблемалары және оларды шешу жолдары болды.
Сондай-ақ, студенттер Smart жүйелердің архитектуралық ерекшеліктерін, қауіпсіздік саясатын құруды және тәуекелдерді басқаруды үйренді. Академиялық ұтқырлық тәжірибе алмасуға, оқыту әдістемесін жетілдіруге және жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға үлкен септігін тигізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

