Кітап көрмесінің салтанатты ашылуы

2026 жылы 4 наурыз күні Талдықорған қаласы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастырумен өткен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтің Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту мақсатындағы бастамалары бойынша «Ой, Рух, Ақыл: Ұлы дала ойшылдары» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған шараға Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Хуанган Онербек қатысып Ұлы дала данышпаны Қ.А. Яссауи ілімдерінің қоғамдық маңызы мен зор тәрбиелік мәні туралы мағыналы мәліметтермен бөлісті.

AI Assistant