Пәнаралық әлеуметтік зерттеулер орталығы ашылды

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Пәнаралық әлеуметтік зерттеулер орталығы ашылды. Орталық BR24992927 «Қазақстандағы лудоманияны интегративті зерттеу және оны азайтудың көпсалалы стратегиялары», BR24993269 «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық қоғамның құндылық бағдарларының эволюциясы және трансформациясы», BR27195163 «Қазақстанның мемлекеттік қызметінің ұйымдастырушылық мәдениетін трансформациялау архитектоникасы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы аясында ашылды.

Жиынның ашылу салтанатында Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев бұл игі бастама жоғары білім мен ғылымға көрсетіліп жатқан қолдау екенін атап өтті. Ол жаңа Конституцияда білім мен ғылымды дамытуға басымдық берілгенін айтып, жоба аясында алдағы уақытта да жаңа бастамалар жүзеге асатынына сенім білдірді.

Университеттің Ардагерлер кеңесінің төрағасы, оқытушы-дәріскер т.ғ.к. Амангелді Катенов орталықтың заманауи талаптарға сай жабдықталғанын, мұнда семинарлар мен конференциялар өткізуге қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, университет ұжымы атынан алғыс білдірді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant