«Педагогикалық» практикасының қорытынды конференциясы

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 2 курс білімгерлері, ИҚ211(IP), ИР211(IP), МИҚ211 топтарымен, 17-ші наурыз 2026 жылы, «Педагогикалық (психологиялық-педагогикалық бағалау)» практикасының қорытынды конференциясы өткізілді. Конференция барысында білімгерлер практика кезеңінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті, жүргізілген сабақтар мен тәрбие жұмыстарының нәтижелерін таныстырды. Конференцияға оқытушылар: Забиева К.Қ., Есейқызы А., Койшыбекова А.К., практикаға жауапты оқытушы Ермекова Н.С. қатысты. Практика құжаттары толықтай тексеріліп, талаптарға сай қабылданды. Білімгерлердің орындаған жұмыстары жоғары деңгейде бағаланып, олардың педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына оң әсер еткені атап өтілді. Конференция қорытындысы бойынша білімгерлердің практикадан сәтті өткендігі расталды.

AI Assistant