
Еуропалық Комиссияның HORIZON бағдарламасының MOCCA жобасы «Multilevel Orders of Corruption in Central Asia» тақырыбындағы зерттеуді жүргізу мақсатында Карлов университетінің (Чехия) ғалымы Гүлжан Досанова және Цюрих университетінің (Швейцария) докторанттары «Dealing with Institutional Volatility: Food Productions, Processing and Trade in South-Eastern Qazaqstan» жобасы аясында бес ай бойы далалық зерттеу (field research) жұмыстарын жүзеге асыру үшін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне келді.
Шетелдік зерттеушілер ғылыми жұмыстарын гуманитарлық факультет «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры Байгабатова Назгүл Қажымуратқызының жетекшілігімен жүзеге асырады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

