19.03.2026 ж.
Бүгін Жетісу университеті Жетісу облысының білім басқармасының Әдістемелік орталығымен бірлесіп, мұғалімдерге арналған «Географияны оқытуда жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибеге бағытталған мазмұнды семинар ұйымдастырды.
Аталған іс-шараны жаратылыстану-техникалық факультетінің докторанты Нургазина А.С. жүргізіп, қатысушыларға география сабағында жасанды интеллект құралдарын тиімді қолданудың нақты әдіс-тәсілдерін тәжірибелік тапсырмалар арқылы көрсетті.
Семинар барысында қатысушылар:
– жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісінде қолдану дағдыларын меңгерді;
– географиялық тапсырмаларды автоматтандырудың заманауи тәсілдерімен танысты;
– интерактивті карталар мен цифрлық платформаларды практикада қолдану мүмкіндіктерін игерді.
Аталған семинар педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, инновациялық білім беру технологияларын тиімді пайдалануға және оқу үдерісінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететін маңызды алаң болды.

