


2026 жылғы 21–27 наурыз аралығында Бангкокта (Тайланд) жебеден классикалық (олимпиадалық) ату бойынша Азия кубогының І кезеңі өтті.
Аталған байрақты бәсекеде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ФКР-311 тобының студенті Александра Землянова жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді.
Александраны жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алар асулары биік, бағындырар шыңдары жоғары болсын!
#SDG #ЦУР #ТДМ

