2026 жылғы 30-наурыз күні Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, филология ғылымдарының кандидаты Кыяхметова Шара Әсетқызын 65 жас мерейтойымен құттықтады. Кездесу барысында қала әкімі мерейтой иесіне ғылым мен білім саласындағы көпжылдық еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлесін ерекше атап өтті. Мерейтой иесіне арнайы құттықтау адресатын табыс етіп, гүлшоғын ұсынды.

