Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы

Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы өтті. Онда Дене шынықтыру және өнер факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстардың есебі тыңдалды. Атап айтқанда, студенттер мен оқытушылар арасында түсіндіру жұмыстары, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер және түрлі форматтағы кездесулер ұйымдастырылғаны баяндалды.

Кеңес отырысында білім сапасы мен студенттердің тәртібі қаралды. Білім алушылардың оқу үлгерімі, тәртібі мен мәдениеті, академиялық адалдықты сақтау деңгейі талқыланып, бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, «Zhansugurov college»-де «Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар есебі тыңдалды. Колледжде адалдық сағаттары, семинарлар, пікірталастар өткізіліп, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілгені айтылды.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп бағаланып, алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыру туралы шешім қабылданды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant