2026 жылдың 27 наурызында Гуманитарлық факультеттің «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы білім алушыларына арналған «1 семестр – шексіз әсер. Шетелде оқудың шынайы хикаясы» атты есеп беру конференциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты — 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып келген студенттердің тәжірибесін қорытындылау және насихаттау. Ағымдағы оқу жылының бірінші жартыжылдығында кафедрамыздың 10 білім алушысы Түркия, Польша, Малайзия және Оңтүстік Корея мемлекеттерінде білімдерін шыңдап қайтты. Конференция барысында студенттер оқу процесі, өзге елдің мәдениеті мен қызықты оқиғалары туралы презентацияларын қорғап, әсерлі бейнероликтерін ұсынды. Шетелдік білім беру жүйесінің ерекшеліктері мен күнделікті өмірге қажетті пайдалы кеңестер әсіресе 1-2 курс студенттері үшін ерекше қызықты болды. Жиын соңында қатысушылар еркін форматта сұрақтар қойып, академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті дағдылар бойынша кеңес алды.
Университетіміздің халықаралық байланыстары нығайып, білім алушыларымыздың әлемдік білім кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігі арта бермек.




