«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ  «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша бітіруші түлектермен кездесу туралы Есебі

Университет бітіруші түлектеріне «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Амангельдиев Ануар Замирұлымен онлайн кездесуді өткізу кестесі келісілді және әлеуметтік желілерде (инстаграм, телеграмм, фейсбук) өткізу күні мен уақыты көрсетілген анонс салынды.

2026 жылғы 30-31 наурыз аралығында ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Амангельдиев Ануар Замирұлы педагогикалық және басқа мамандықтар, мемлекеттік білім грантында, ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерге арналған «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша онлайн форматта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға бакалавриат — 450,  магистратура — 63, докторантура бойынша — 6 түлек қатысты. Барлығы: 519.   

Іс-шара барысында «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы 17-тармағының талаптарына, ҚР Үкіметінің 11.08.2023 ж. №403 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес ақпарат айтылып, «Қаржы орталығына» қандай құжаттар өткізілу керек екендігі және қандай жағдайда толық міндетті жұмыс өтемінен босатылатындығы туралы т.б. мәліметтер берілді.

Қатысқан бітіруші түлектер әр түрлі сұрақтарына толық жауап алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша университеттің басты сайтына және әлеуметтік желілерге (инстаграм, телеграмм, фейсбук) ақпарат жіберілді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant