2026 жылғы 31 наурызда Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырған «Жас тарихшы» үйірмесінің аясында «Алаш идеясының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында дебат өткізілді.
Дебатқа меморандум негізінде Талдықорған қаласы Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясының оқушылары қонақ және қатысушы ретінде шақырылды. Бұл пікір-сайыс кең ауқымда, қоғамдағы маңызды мәселелер мен өзекті тақырыптарды талқылау арқылы ұйымдастырылды.
Шара барысында қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни ойлау және талқылау дағдыларын көрсете білді.







