ТҚ-311 тобының білімгерлері Айтбек Асем, Мурзакенова Акбаян, Қыдыр Жансая және Алибекова Сымбат 2026 жылғы 19 наурызда «Тарих» ББ білімгерлеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында олар қыркүйек пен қаңтар айлары аралығында Түркия елінде білім алып, жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Білімгерлер Түркиядағы университеттегі оқу жүйесі, білім беру деңгейі, студенттік өмір және елдің мәдениеті туралы қызықты мәліметтерді жеткізді. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасының артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы түсіндіріп, өз әсерлерімен бөлісті.
Осындай кездесулер студенттердің көкжиегін кеңейтіп, халықаралық тәжірибе алмасуға деген қызығушылығын арттырады.




