Ұлттық Студенттік Лиганың Шығыс дивизионында волейбол жарысы басталды

Бүгін Талдықорған қаласындағы Жетісу волейбол орталығында Ұлттық Студенттік Лиганың Шығыс дивизионы бойынша волейбол жарысы старт алды.

Үш күнге жоспарланған турнирде Шығыс дивизионына тиесілі жоғары оқу орындарының командалары өзара күш сынасады. Алғашқы күні Шәкәрім университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Әлихан Бөкейхан университеті, Семей медицина университеті және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті командалары кездесу өткізеді.

Жарыстың ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ректоры Ермек Бөрібаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Университеттер арасындағы жарыс тартысты әрі қызықты ойындарға толы болады деп сенемін. Бұл дода жас спортшылардың ерік-жігерін шыңдап,  тәжірибе жинауға және үлкен спортқа жол ашуға мүмкіндік береді», – деді ректор.

  • Қазақстан Республикасы Студенттік лигасы аясында 7 спорт түрі бойынша жарыс өткізеді. Шығыс дивизионы құрамына Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Жетісу және Ұлытау облыстары кіреді, ал әр өңірде спорттық жарыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылуда.

Жетісу өңірінде ерлер мен әйелдер арасында волейбол жарыстарын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті қабылдап отыр. Университеттің спорттық базасы және қаладағы заманауи Жетісу волейбол орталығы жарысты өткізуге толық мүмкіндік береді.

Шығыс дивизионының жетекшісі, ШҚО волейбол федерациясының вице-президенті, Қазақстан волейбол құрама командасының жаттықтырушысы Сымбат Түсіпханұлы осы Студенттік Лигада I, II, III орын алған командалар финалдық кезеңге жолдама алады деді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant