2026 жылғы 16 ақпанда Жаратылыстану-техникалық факультетінің Жаратылыстану пәндер кафедрасында 6B01516 – «География (IP)» білім беру бағдарламасының 1 курс 111ГҚ тобы студенттерінің «Мұғалім кәсібіне кіріспе» оқу практикасы бойынша қорытынды конференциясы өткізілді.
Аталған конференцияға практикаға жауапты оқытушылар: PhD, оқытушы-дәріскер Керімбай Баян Сүлейменқызы, оқытушы-дәріскер Дюсембинова Сәуле Мырзабековна және оқытушы Джексембаев Данияр Талғатович қатысты.
Конференция барысында студенттердің оқу практикасы кезеңінде орындаған жұмыстарының нәтижелері қарастырылып, есеп беру құжаттары тексерілді. Комиссия мүшелері тарапынан ұсынылған материалдар талаптарға сәйкес деп танылып, толық көлемде қабылданды.
Оқу практикасы барысында студенттер екі білім беру ұйымына бөлініп, Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицей және №29 мектеп-лицей базаларында практикадан өтті.
Конференция қорытындысы бойынша студенттердің практикадан өту деңгейі жақсы деп бағаланып, алдағы кәсіби қызметке қажетті бастапқы педагогикалық дағдылардың қалыптасқаны атап өтілді.

