“Заң мен тәртіп” халықаралық форматта

2026 жылдың 6 сәуірінде Жетісу университетінде шетелдік студенттер үшін «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі қағидаттарын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Заң және экономика факультетінің деканы Телеуев Ғ.Б., заңгер, профессор Молдабеков Б.Е., сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер Қабыкенов Б.Ж. спикер ретінде қатысып, баяндама жасады.

Кездесуді Жетісу университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығы мен Жастар саясаты мен әлеуметтік даму бөлімі ұйымдастырды.

Кездесу барысында лудомания мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу, олармен күресу, алаяқ-дроперлердің іс-әрекетіне қарсы әрекеттерді анықтау туралы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс түрлері таныстырылды. Пәкістан, Өзбекстан, Қытай және Моңғолия елдерінен келген студенттер қазіргі таңда Foundation, бакалавриат, докторантура деңгейлерінде білім алып, академиялық және ғылыми дағдыларын дамытуда.

Жетісу университеті халықаралық білім беру стандарттарына сай жүйелі түрде шетелдік студенттерге білім алуға, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуға және дамуға жағдай жасайтын бірден-бір отандық университет.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant