




2026 жылғы 26 наурыз күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Адалдық IQ» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында адалдық қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Зияткерлік ойын барысында қатысушылар логикалық, құқықтық және ситуациялық тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынап, командалық жұмыс дағдыларын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, жоғары деңгейде дайындықтарын дәлелдеді.
Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
«Адалдық IQ» ойыны жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, құқықтық мәдениетін арттыруға және адал қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

