








7 сәуір 2026 ж. сағат 15:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде докторанттар мен ПОҚ-қа арналған «Web of Science, Scopus деректер базасындағы ғылыми журналдарға тікелей мақала беру» ғылыми семинары өтті.
Семинар спикері – Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Карашолакова Лаззат Наушабаевна.
Ғылыми семинар барысында қатысушыларға Scopus және Web of Science деректер базаларындағы жоғары рейтингті журналдарды таңдау жолдары түсіндірілді. Журналдардың квартиль көрсеткіштері (Q1–Q4), импакт-фактор, CiteScore сияқты негізгі метрикаларға назар аудару қажеттілігі айтылды.
Сонымен қатар, семинарда келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
- ғылыми журналдың сенімділігін анықтау: жалған (predatory) журналдарды ажырату тәсілдері, журналдың ресми сайттарын тексеру, индекстелуін растау.
- мақала жолдау тәртібін түсіндіру;
- рецензенттердің ескертулеріне жауап беру және мақаланы қайта қарау (revision) тәсілдері.
- ашық қолжетімділік (Open Access) және жарияланым ақысы (APC).
#SDG #ЦУР #ТДМ

