


2026 жылдың 25–29 наурыз күндері Орал қаласында сурдо еркін күрестен U23 ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Рамазан Әбдрасіл — І орын
Дидар Бурамбай — ІІ орын
Университет намысын қорғаған жас палуандарды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыс тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ


