«ГФ Студент дауысы» дөңгелек үстелі туралы ақпарат

2026 ж. 16-наурызда уманитарлық факультетте білім алушылардың пікірін тыңдау, олардың ұсыныс-талаптарын ескеру және студенттік ортадағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында «ГФ Студент дауысы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — факультет білімгерлері мен әкімшілік, оқытушылар құрамы арасындағы ашық диалог алаңын қалыптастыру, студенттердің білім беру үдерісіне, тәрбие жұмысына, әлеуметтік қолдауға және факультет өміріне қатысты ой-пікірлерін ортаға салуына мүмкіндік беру.

Дөңгелек үстел барысында білім сапасы, сабақ үдерісін ұйымдастыру, академиялық адалдық, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы, мәдени-көпшілік іс-шаралар, жастар бастамаларын қолдау, психологиялық ахуал және студенттердің факультет өміріндегі белсенділігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар білімгерлер өз ұсыныстарын білдіріп, факультет жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ойларымен бөлісті.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің өзекті мәселелерін анықтауға, оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға және факультет пен студент жастар арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

«ГФ Студент дауысы» дөңгелек үстелі студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың бастамаларын қолдауға және гуманитарлық факультеттегі қолайлы білім беру ортасын дамытуға бағытталған маңызды алаң болды.

AI Assistant