














І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Кеш шымылдығын ашқан университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев ғылым мен білімді қатар алып, жоғары білім саласында табысты еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ғылымның қоғамдағы маңызын атап өтті.
Іс-шараның маңызды бөлігі – марапаттау рәсімі болды.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Әміре Әрінге I. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕ АҚ Ғылыми кеңесінің 2026 жылғы 01 сәуірдегі шешімімен I. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Құрметті профессоры» атағы беріледі.
Экономика ғылымдарының докторы, мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының профессоры Данияр Калдияров — «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен, Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Лазат Чалтикенова — «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталады.
Сондай-ақ, ғылым мен білім саласындағы жетістіктері үшін бірқатар ғалымдар мен оқытушыларға «Ғылым үздігі» Құрмет дипломы, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ректордың Құрмет грамотасы, Алғыс хаты табысталды. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан шетелдік әріптестер де марапатталды.
Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауларында жүлделі орын алған студенттер мен олардың ғылыми жетекшілері арнайы марапатқа ие болды.
Сондай-ақ, «Startup Zhetysu – 2026» инновациялық жобалар конкурсының жеңімпаздарына, үздік жобаларға арнайы дипломдар мен 130, 120, 90 және 60 мың теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды. «TravelApp» жобасы үшін (Бас жүлде), «BasQAN» жобасы үшін (І орын), Python тілін үйренуге арналған мобильді қосымша жобасы (І орын), Zhetysu Science Hub (І орын), «Smart Tamshy» (ІІ орын), EcoBox (ІІ орын), Zhetysu Sky(ІІ орын), OnoMap Ilyas (ІІI орын), Ready4AI (ІІI орын), «Fast Future» (ІІI орын), Tildy (ІІI орын) жобалары үздік деп танылды.
Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
#SDG #ЦУР #ТДМ


















































































